Дүйсенбі күні Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша, 19 ақпан, дүйсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Астана мен Алматы қаласында, сондай-ақ Қазақстанның басқа 11 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қолайсыз метеожағдайлар Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Қызылорда, Талдықорған, Ақсай, Орал  қалаларында атмосфераға ластаушы заттардың тарауына ықпал етеді.

Алматы, Ақтөбе, Астана, Көкшетау, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Тараз, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар ықпалымен ауада ластаушы заттар шоғырланады.

Еске салайық, ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, жел соқпауы, баяу жел соғуы, тұман, инверсия әсерін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар