Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде күн ашық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады. Күн ашық, дүйсенбі күні тек елдің шығысында ғана фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Елдің солтүстік батысында, солтүстікте және шығыста, таңғы және түнгі мезгілде кей жерлерге тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік шығыста жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, түнде және таң ата тұман түседі.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында жел 17-22 м/с-қа дейін күшейіп, соңы шаңды дауылға ұласады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таң ата кей жерлерде тұман болады.

Атырау облысында және Алматы облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысында және Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

Соңғы жаңалықтар