Душанбе тұрғындары қазақстандық көліктерді мінетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Душанбе автопаркі Қазақстанда жинақталған бір жарым мың «Peugeot 301» автомобилі мен бес жүз «JAC S3» көлігімен толығады.

«ЭСК «KazakhExport» АҚ «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Hyundai Trans» Auto» ЖШС - Қазақстанның машина жасау өкілдерін тарта отырып, Тәжікстанның кәсіпкерлерімен және мемлекеттік органдарымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Kazpravda.kz.

Сондай-ақ Тәжікстандағы ҚР елшілігінің қолдауымен Душанбе төрағасының көлік мәселелері бойынша орынбасары Саидзода Курбон Тагаймен Тәжікстан астанасының коммуналдық техника паркін жаңарту мәселелерін талқылау бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Кездесулердің нәтижесі бойынша «СарыаркаАвтоПром» ЖШС «Холдинг Азия Групп Тәжікстан» компаниясымен Душанбе паркін жаңарту үшін Қазақстанда жинақталған бір жарым мың «Peugeot 301» автомобилі мен бес жүз «JAC S3» көлігін жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімшарт құны $24 млн. бағалануда. Тараптар «KazakhExport» қаржылай-сақтандыру қолдауымен іске асырылатын осы жобаны дайындау және іске асыру бойынша жұмыс тәртібін уағдаласты, делінген ақпаратта.

«СарыаркаАвтоПром» компаниясы 2010 жылы тіркелген, түрлі брендті жеңіл көліктер шығарады.

Қазақстандық кәсіпорынның жаңа әріптесі «Холдинг Азия Груп Тәжікстан» корпорациясы Тәжікстандағы ірі компаниялардың бірі болып табылады. Холдинг автомобильдік тасымалдау, автокөлік, сондай-ақ банк саласында жұмыс істейтін бірнеше көліктік компанияларды қамтиды.

Соңғы жаңалықтар