Дрон алғаш рет суға ағып бара жатқан балаларды құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия жағалауларында ұшқышсыз ұшатын құрылғы суға ағып бара жатқан екі жеткіншекті құтқарды, деп жазады ВВС. 

15 және 17 жастағы жасөспірімдер Оңтүстік Уэльс штатының Леннокс-Хед жағажайынан қауіпті аумаққа өтіп кеткен.  Олар жағалаудан 700 метр алыстап кетіп, биіктігі 3 метр болатын толқындарға тап болған.  Оларды алғаш болып демалушылар байқаған.

Құтқарушылар бірден дронның көмегіне жүгінген.  Дрон суға ағып бара жатқандардың үстінен құтқару  құралдарын тастаған. Соның арқасында жасөспірімдер жағаға аман-есен жеткен.

Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрінің орынбасары Джон Бариларо бұл оқиғаны тарихи деп атады.

«Бұған дейін ешқашанда адамдарды құтқару жұмыстарына дрон пайдаланылмады. Бұл алғаш рет болды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар