Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» бүгін алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Первоуральск қаласындағы «Уральский трубник» стадионында Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасымен айдынға шыққан оралдықтар қарсыласын 8:6 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында «Ақжайық» құрамында команда капитаны Максим Өтебалиев пен ресейлік шабуылшы Сергей Башаев хет-трик авторы атанып, мергендік көрсетті. Оған қоса Еламан Әліпқалиев пен тағы бір ресейлік Сергей Гаврилов бір-бірден гол соқты.

Сөйтіп өз қоржынына алғашқы үш ұпайын салған «Ақжайық» 5 желтоқсан күні «СКА-Свердловск» командасымен екінші матчын өткізеді.

Еске сала кетейік, биыл «Ақжайықтың» тізгінін ресейлік маман Владимир Кожевников ұстап, командаға жеті бірдей ресейлік хоккейші алынған болатын. 

Соңғы жаңалықтар