Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын екінші кездесуінде де ұтты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» «Стеновик» стадионында Екатеринбургтың «СКА-Свердловск» командасын екінші мәрте жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл жолы да тартысты өткен кездесу 8:7 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді.

Ресейлік маман Владимир Кожевников жаттықтыратын оралдықтар келесі кездесулерін 8-9 ақпанда Қазанда жергілікті «Динамо-Қазан-2» командасымен өткізеді.

Қазіргі таңда екінші топта бұрынғыша «Маяк» (Краснотурьинск) командасы 40 ұпаймен көш басында тұрса, «Ақжайық» 34 ұпаймен екінші, қоржынында 30 ұпайы бар «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) үшінші орында келеді. Алайда «Знамя-Удмуртия» командасының үш ойыны кем. Төртінші сатыдағы «Локомотивтің» (Орынбор) 25 ұпайы бар.

Еске сала кетейік, алдыңғы үш орынды иеленген клубтар финалдық сайыстарға жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар