Доллар 327 теңгеге дейін қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сессияның нәтижесі бойынша, доллар 327,41 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биржаның баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 327,41 (+1,13 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 115 300 мың USD (-45 500 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

kurs.kz-тің жазуынша, Астананың валюта айырбастау пункттерінде сағат 11.50-дегі жағдай бойынша, сатудың ең жоғары бағамы 330 теңгені құрады. Сату-сатып алудың орташаға бағамы - 327,40/328,50. ҚР Ұлттық банкінің 22 маусымға белгілеген теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы - 326,28 теңге.

Бұған дейін хабарланғандай, Brent маркалы мұнай фьючерсінің 2017 жылдың тамызында жеткізілумен Лондондағы ICE биржасында 2,54 пайызға құлап, баррелі үшін 44,85 доллар болды. Соңғы рет мұнай бағасының баррелі үшін 45 доллардан төмен болғаны - 2016 жылдың 15 қарашасы.

 

Соңғы жаңалықтар