Діни көзқарасқа байланысты вакцинациядан бас тартқан дұрыс емес - министр Біртанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінде жыл сайынғы вакцинациядан бас тартып жатқан азаматтар аз емес. Соның ішінде діни көзқарасқа байланысты өз баласына екпе салмайтындар да бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, xалықтың басым бөлігі вакцинацияны қолдайды. Алайда одан бас тартып жатқандардың көбейіп жатқаны байқалады. Соңғы бес жылдың ішінде ондай азаматтардың саны 3 мыңнан 9,7 мыңға өсті. Біз осы мәселені зерделеп шықтық. Вакцинадан бас тартудың бірнеше себебі бар. Біріншіден діни наным-сенімге байланысты бас тартады. Ондай жағдайлардың саны 43 пайызды құрап отыр. Қалғандары вакцинаның сапасына күдіктеніп, жағымсыз ақпараттың салдарынан сенімсіздік танытып жатады», - деді Елжан Біртанов бүгін xалық алдындағы кездесу кезінде.

Министр шараға қатысқан және оны онлайн режимде тыңдаған адамдарды вакцинация мәселесіне жауапты болуға үндеді. Әсіресе, балаларға екпе салудың маңыздылығын ұмытпау қажет.

«Министрлік вакцинация мәселесін жан-жақты түсіндіріп келеді. Соған қарамастан, екпеден бас тартып жатқандар аз емес. Сол себепті қоғамдық денсаулықты сақтау қызметтері осы жұмыспен тығыз айналысуы қажет»,- деп атап көрсетті министр.

Соңғы жаңалықтар