Діни бірлестік өкілдері латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның діни бірлестік өкілдері «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясының қабылданғанына 25 жыл» тақырыбында отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев барлық діндарларды еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бейбітшілік пен бірлік, ынтымақтастық және өркендеу тіледі. Сонымен қатар ол барлық діндердің өзара сыйластығы мен ашық диалог негізіндегі жемісті ынтымақтастығы Қазақстанның басты байлығы мен мақтанышы екендігін айрықша атап өтті.

null 

Келесі кезекте сөз алған А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек қазақ тілі әліпбиінің кирилицадан латын графикасына көшуі жайында баяндама жасады.

«Бүгінгі күнге дейін әліпбиімізде белгілі объективті себептерге байланысты басы артық белгілер, тілде жоқ дыбыстар көп болды. Сонымен қатар тіл ережесінің өзі екі бөлімнен тұрды. Яғни қазақ тілі және орыс тілі ережелері. Бұл КСРО құрамында өмір сүрген кезеңнің нормасы да еді», - деді ол.

Оның айтуынша, ендігі уақытта қазақ тілін бір ұлттың ғана емес, жалпы Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың тіліне айналдыру міндеті тұр. Жалпы әлем халықтарының тілдерінде дыбыстан әріптердің саны аз болып келеді. Демек барлық дыбыстарды бірдей таңбалаудың қажеті жоқ.

«Қазақ тілінде небәрі 28 дыбыс бар. Таңбалануы 42 әріпке жетеді. Бұл өте көп. Сондықтан да тіл реформасындағы басты міндеттің бірі - тілді өз заңдылығымен дұрыс дамыту. Өйткені, қазіргі уақытта бұл мемлекеттік қажеттілікке айналып отыр», - деді Ерден Қажыбек.

null null null 

Соңғы жаңалықтар