Димаш микрофонды алған марапатынан биік қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шанхай қаласында өткен «China Top music Awards» марапатында «Азияның ең танымал әншісі» атанған Димаш Құдайберген алған марапатын микрофоннан төмендетіп, елді тағы тәнтті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кім байқады!? Әдейі емес, бұл сурет - кездейсоқ түсірілген! Басылымдарға да жария болған сурет!!! Осындай премиялардың жүзін көрдім, мықтылардың мықтысы саxнаға шығып қуанған сәтте ұтқан жүлдесін (статуэтка) сыйлығын биікке көтеретін еді... Біздің Димаштың оң қолындағы микрофоны одан да биік тұр!!! Қуанғаннан мүмкін тым философ болып кеткен шығармын, бәлкім! Бірақ, сол қолындағы жүрек тұсындағы марапаты, оң қолындағы биікке көтерілген микрофоны болмаса келмес те еді... Алланың құдіреті дер ем бұл суретті! Бұл белгі... Қаншама қуанғанымен ненің қадірі биік екенін ұмытпауымыз керек дегендей сыр кешеді бұл сурет!..»,-деп жазған Димаштың ресми өкілі Алпамыс Шәрімов.

Естеріңізге сала кетейік, кешегі салтанатты марапат кезінде Димаш Құдайберген көрермендерге қазақ тілінде алғыс айтты. «Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеумет! Өте қатты қуаныштымын. Бұл менің шет елдегі ең алғашқы үлкен сыйлығым. Ең алдымен, өзімнің ата-анама және де жан досыма көп рахмет айтамын, мені қолдап-демеу болып жүргендеріне. Және де менің бағымды ашқан, әлемге танытып жатқан «Singer» жобасына алғыс айтамын! Мені қолдап жүретін барша тыңдармандарыма рахмет айтқым келеді! Бар болыңыздар, аман болыңыздар! Бұл тек бастамасы ғана», -деді Димаш.

Соңғы жаңалықтар