Димаш Құдайбергенов China Top music Awards байқауында өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов China Top music Awards байқауында өнер көрсететін болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

Димаштың продюсері Алпамыс Шәрімов әлеуметтік желіде Димаш өнер көрсеткелі отырған керемет зор оқиғадан хабардар етті.

«Ертең кешкі сағат 19:30-да Dragon TV телеарнасының тікелей эфирінде Азия аумағындағы ең ірі - «China Top music Awards» шарасы өтеді. Біздің Димаш «Ең үздік Азия әншісі» (Best Asia popular singer)» аталымына ұсынылды»,-деп жазды Шәрімов.

Ол сонымен қатар осы кеште Димаштың өзге де Азия орындаушыларымен бірге қызыл жолақтан өтіп барып, өз өнерін қалың көпшіліктің назарына ұсынатынын айтты.

Айта кетейік, China Top music Awards 2001 жылдан бері ұйымдастырылп келе жатқан дарынды орындаушыларды марапаттайтын шара. Ол Қытай музыкалық қоғамдастығындағы ең айтулы оқиғалардың бірі саналады. Сонымен қатар осы сыйлықты қытайлық Грэмми сыйлығы деп те атайды.

Естеріңізге сала кетеміз, Димаш Құдайбергенов Қытайдағы рейтингтік «Singer» телешоуына қатысуда. Ол 10-шы маусымда 3-ші орын алды. Осылайша ол енді финалда өнер көрсету құқығына ие болды. Осы байқауға қатыса отырып, ол қытайлықтардың зор ықыласына бөленді және кеңінен танымал бола түсті.

Құрметті, Достар! Тағы да тақым қысатын сәт келді. Ертең Тікелей эфир 19:30-да Dragon TV(东方卫视) арнасында Азияның ең үлкен масштабтағы марапаты "China Top music Awards(东方风云榜)" шарасы өтеді. Димашымыз @kudaibergenov.dimash "Best Asia popular singer (Азияның Ең танымал әншісі)" номинациясына ұсынылғандардың қатарында. Алғаш қатысып отырған xалықаралық марапаттан үмітіміз зор!!! Осы кеште Азияның әншілерімен бірге қызыл кілемнен өтіп, өнер көрсететін болады. Бәрі де Сіздердің тілектеріңізбен! Ал, жақсылыққа жориық!!! #DQ #TheSingerDimash #dimash #Singer #Шанxай

Публикация от Alpamys Sharimov (@asharimov) Мар 26 2017 в 8:33 PDT

Соңғы жаңалықтар