Димаш Құдайберген «Singer» байқауында жалпы есепте қытайлық әншіден кейін тұр

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бақ сынап жатқан «Singer 2017» ән байқауының жартылай финалы эфирде көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, байқаудың екі кезеңнен тұратын финалына 10 әнші жолдама алған болатын. Жобаның талабы бойынша оныншы болып сахнаға шығатын әнші өзінен кейінгі тоғызыншы әншіні белгілейді. Оныншы болып өнер көрсететін Линь Чжисюань Димашты тоғызыншы болып шығуға белгіледі, ал Димаш сегізінші әншіге Lion тобын таңдады.

Димаш жартылай финалда итальяндық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әніне «5-элемент» киносының «The diva dance»-ті қоса шырқады.
 

Айта кетейік, жартылай финал әншілердің байқауда соңғы рет жеке өнер көрсетуі. Сондай-ақ, бұған дейінгідей нақты рейтинг құрылмай, ақтық сынға 8 әнші жолдама алады. Шешуші бәсекеде әр әнші елге танымал әншілермен жұптасып өнер көрсетіп, екі кезеңдегі нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталады. Он кезең және жартылай финалдағы нәтижелердің қортындысы бойынша Гонгкок қаласының тумасы Лин Илианның (Sandy Lam) рейтингі орта есеппен 2,58 болып бірінші орында, ал Димаш 2,73 болып екінші орында тұр.

Еске сала кетейік, байқаудың ақтық бәсекесін 15 сәуір күні отандық «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирден тамашалай аласыздар. Бұл күні Димаш қытайлық танымал әнші Шаң Венжемен бірге әншырқайды.
 

Соңғы жаңалықтар