Димаш Құдайберген Қытайда халықаралық дәрежедегі танымал әнші атанды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш шарада өзінің «Ұмытылмас күн» әнін тайвандық жас пианист Аояаң Нананың сүйемелдеуінде шырқады. Бұған дейін Димаш Шанхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popular singer) номинациясы бойынша марапатталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
 

Айта кетейік, «17th Top China Music Awards» шарасына Димаштың продюсерлік компаниясының негізін қалаушы, «Singer» байқауының ақтық бәсекесінде бірге ән шырқайтын Шаң Венжеде қатысты.
 

Соңғы жаңалықтар