Депутаттар «Жол жүрісі туралы» Заңына енгізілетін өзгерістерді қарастырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламентінің Мәжілісінде алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Палата Аппаратының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, депутаттар алдағы сәрсенбіде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша толықтырылатын заң жобасын бірінші оқылымда талқылайтын болады. Ал,  «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы мәселе екінші оқылымда қарастырылады.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы және де «2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттамаларды ратификациялау туралы» заң жобасын қарастырады.

 

Соңғы жаңалықтар