Депутаттар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таразда бейсенбі күні мәжілісмендер Тараз гарнизонының бірқатар әскери бөлімшелеріне барды. Депутаттар Қазақстан құрлық әскерлері құрамындағы ең ірі бригадалардың бірі - 5-ші механизацияланған бригаданың оқу-материалдық базасымен танысып, оқу корпусын аралады.

ҚР Ұлттық гвардиясының полкі - 5513-әскери бөлімінде, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2035-әскери бөлімінде болып, әскери қызметшілердің қызмет жағдайларымен танысты.

«Жамбыл облысы кездейсоқ таңдалған жоқ, мұнда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы округінің штабы, Шекара әскерлері комитеті орналасқан», - дейді генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет әскери қызметшілерге толық көлемде әлеуметтік көмек көрсетуді қолға алып отыр.
null null null 

Депутаттар шара аясында Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 
null null null

Соңғы жаңалықтар