Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты шағымға жауап берді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізіп жатқан реформалар дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмауға бағытталған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің маманы Арнұр Нұрбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге жыл сайын жеңілдетілген дәрі-дәрмекті қажет ететін халық тобынан өтініштер өте көп түсіп жатады. Өкінішке орай, мұндай проблема бар және ол бүгін не болмаса кеше туындаған мәселе емес. Проблема  әрбір жылдың соңында қайталанып отырады. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі жасап жатқан реформалар не үшін жүргізуде деген сауал туындады. Реформа келешекте тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсететін дәріханаларда таусылып қалмауын, қандай да бір себептермен сатып алынбай қалуын  болдырау  үшін жүргізілуде», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
null

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекованың айтуынша, министрліктің дәрілік заттарды пайдалану аясында жүзеге асырып отырған шараларын төрт негізгі бағытқа бөлуге болады.

«Атап айтсақ, біріншісі - тегін медициналық көмектің кепілді көлемі мен бөлшек нарығындағы бағаны реттеуді енгізу аясында мемлекет тарапынан сатып алынған дәрілік заттардың бағасын реттеудің қолданыстағы жүйесін жаңғырту арқылы экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Екіншісі - медициналық теxнологияны бағалау бойынша xалықаралық меxанизмді енгізу арқылы мемлекет тарапынан сатып алынатын дәрілік заттардың тізімін қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету. Үшіншісі - амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік заттарды қамтамасыз етуді орталықтандыру және электронды сатып алуға көшу арқылы медициналық теxниканы және дәрілік заттарды сатып алудың ашық рәсімін қамтамасыз ету, төртіншісі  - әкімшілік кедергілерді азайту жолымен медициналық өнімдер мен дәрілік заттарды тіркеу рәсімін жеңілдету», - деді ол.
null

Соңғы жаңалықтар