Денис Тен жас спортшыларға сабақ берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қазақстанның жас спортшылары үшін үш күндік семинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Спортшы мұндай семинарларды 2012 жылдан бері өткізіп келеді. Бірақ көбіне оның семинарлары мұз айдынындағы шоу немесе ірі спорт шарасы аясында ғана өткізіліп келді. Бұл жолы шеберлік сыныбы ешқандай шараға қабаттастырылмай, дербес, арнайы ұйымдастырылды. Бұл ретте Денис Тен жас спортшылардың техникалық жаттығуларына тереңірек мән берді. Үш күндік семинарда еліміздің барлық аймағынан келген үздік жас мәнерлеп сырғанаушылармен Денистің өзі ғана емес, оның әріптесі, ресейлік танымал спортшы Алексей Ягудин де жаттығады. Сонымен қатар, Қазақстанның үздік хореографы Серік Ташанов пен актер Чингиз Капин және технологист Арман Сүлейменов те дәріс береді.

null 

«Мен қазір спортшының спорттағы «ғұмыры», мансабы қысқа екенін түсіндім. Ең ұзағанда 20-25 жыл спортта жүруге болатын шығар. Бұл жерде басқа салада өзін дамытпаған адам, спорттық ғұмыры біткен соң керексіз сезініп қалады. Сондықтан мен осы жолы жас мәнерлеп сырғанаушыларға тек спорттың техникалық жағын дамытып қана қоймай, білімін де жетілдіру қажеттігін айттым. Өздеріңіз білетіндей, мәнерлеп сырғанаушы ғана емес басқа да спортшылар үшін физикалық дайындықпен қатар, музыкалық білімі, шахмат, математика, физикадан хабары болуы, эрудиция керек. Бір тәуліктің 24 сағатында адам өзін жан-жақты дамытуына мүмкіндік бар», -деді Денис Тен.

null 

Айта кетейік, бұл шеберлік сыныбына жас спортшыларды қазылар алқасы іріктеп алған. Оған қатысқан балалардың дені Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтындар. 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен балалық шағында музыкамен, бимен шұғылданып, таэквондамен  айналысқан. Қазіргі уақытта спортшы бір апталық еңбек дамылысын оңтүстік астанада өткізіп жатыр. Алматыда ол шеберлік сыныбын өткізіп қана қоймай, 250 жанкүйерімен кездеспек.  

null null null 

Соңғы жаңалықтар