Денис Тен Азия ойындарында жүлдесіз қалды

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың жұлдызы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Азиада-2017 ойындарын жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Тен бүгін еркін бағдарламадан бар жоғы 125,90 ұпай жинады. Ал осыдан екі күн бұрын өткен қысқа бағдарламада 72,98 балл ұпай еншілеп, тоғызыншы орынға табан тіреген еді. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 198,88 ұпай жинаған спортшымыз Азиада ойындарын жүлдесіз аяқтады.

Еске сала кетейік, Денис Тен жақында ғана Алматыда өткен 28-қысқы Универсиаданың чемпионы атанған болатын. Онда қысқа бағдарлама бойынша 94,91 ұпай нәтижесімен көш бастап тұрған. Ал еркін бағдарламада төрешілер қазақстандыққа 172,06 ұпай берді. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша, Тен 266,97 ұпай жинап, бірінші орын алған еді.

Соңғы жаңалықтар