ДДСҰ: Жыл сайын 650 мың адам тұмаудан көз жұмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) маусымдық тұмауға байланысты тыныс алу ауруларынан қайтыс болу туралы деректердің артуын қайта қарады.

 Бейсенбі күні жариялаған сарапшылардың жаңа бағалауына сәйкес, мұндай аурудан жыл сайын осы уақытқа дейін есептеліп келгендей 500 мың емес, 650 мың адам көз жұмады, деп хабарлайды ТАСС .

Женевада таратылған баспасөз баянында жазылғандай, ДДСҰ-ның тұмау бойынша жаңа бағалауы АҚШ Аурулардың алдын алу және бақылау федеральдік орталығы (Centers for Desease Control and Prevention, CDC) мен олардың серіктестері жүргізген ғылыми зерттеудің қорытындысын есепке ала отырып жасалған.

Егер бұдан бұрын мамандар жыл сайын 250-500 мың адам тұмау жұқтыру салдарынан көз жұмады деп келсе, енді сарапшылар олардың саны 290-650 мың аралығында екендігін айтуда. 

CDC атап өткендей, тұмаудан көз жұмғандардың көпшілігінің жасы 75-тен асқандар, сондай-ақ олар әлемнің кедей өңірлеріндегі тұрғындар. Тұмаудан көз жұму қаупі жоғары аймаққа Африка, соның ішінде Сахараның оңтүстігіндегі өңірлер жаталы. Одан кейінгі орында Жерорта теңізінің шығысы мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері тұр. 

Соңғы жаңалықтар