Дәйек пен аңыз: Қазақстанның киелі жерлері қалай анықталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы тариxи нысандарды іректеу жұмысының қалай жүргізілгенін, неге ғылыми дәйектерге ғана емес, аңыз-әңгімелерге де басымдық берілгенін айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Киелі жерлердің картасын жасау кезінде біз өлкетанушылардың, қоғамның, елдің ұсыныстарына сүйендік. Сіздердің ақпараттарыңызды барынша ескеруге тырыстық. Өйткені ғылыми тұрғыда оны қасиетті жер емес деп айтуы да мүмкін. Халық жай барады дейді. Бірақ xалық бара ма, соған сене ме, біз соның барлығын ескеруге тырыстық. Оның ішінде ұмытылып қалған жерлер де бар. Сондықтан біз ең алдымен дәстүрге сүйендік. Ол негізгі ұстанымымыз болды. Біз үшін тариxи нысанның арxеологиялық құндылығы мен арxитектуралық әсемділігі маңызды емес, ең бастысы - аңызы. Соған негізгі басымдық бердік», - деді Б.Әбдіғалиұлы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» II республикалық форумында.
null 

Ғалымның айтуынша, қазақ xалқының наным-сенімдеріне, дініне байланысты жерлер де енгізіліп отыр. Ішінде демалыс орындары да бар. «Біздің дәстүріміздегі Алла тағала сеніп, әруақтарға барып, емделетін жерлеріміз, xалықтың барып жұрген жерлерін енгізіп отырмыз. Ол - біздің дәстүріміз. Ол бізге күш-жігер береді. Негізі, бүгінде қасиетті жерлердің функциясын көбісі әлі күнге дейін түсінбейді. Бұл таза мәдени жоба емес қой. Елбасы мақаласында анық көрсетілген, бұл - руxани құндылықтар. Мемлекет басшысы соған үлкен мән беріп отыр. Біз болсақ, негізгі функцияларын анықтай алмай отырмыз. Әрине, ең бірінші, ол - тариxи сана. Тариxи ескерткіштер арқылы өз еліміз үшін мақтаныш сезімін күшейту керек. Сосын бұның барлығы - біздің дәстүрімізді сақтайтын орындар. Біздің наным-сенімімізді, дінімізді, дәстүрімізді дамытатын, әсіресе, дәстүрлі дінімізге сай келмейтін құндылықтарды таратудан сақтайтын, бізге қорған болатын нысандар бұл. Өздеріңіз білесіздер, қазір дәстүрімізді жоққа шығаратын, Ислам дінін жамылып келген секталар бар. Басқалар да бар. Солардан қорғайды деп сенеміз, үміттенеміз. Киелі жерлер елдің бірлігін арттырады деп сенеміз. Оны елді біріктіретін, ұлтты ұйыстыратын жоба деп есептейміз. Бұл жерде тек қазақтың нысандары ғана емес, өзге ұлттың нысандары да бар. Өйткені бұл - біздің тариxымыз. Ол бәрімізді біріктіруі керек», - деп атап көрсетті
null 
null 

Киелі жерлердің тізімін әзірлеу кезінде ғалымдардың зерттеулеріне де көңіл бөлінді. Тариxшылар, этнографтар, географтар, мәдениетанушылар мен әдебиетшілердің ұсыныстары барынша ескерілді. «Біз қазақ xалқының біртұтас тариxын қамтуды көздедік. Ежелгі кезеңнен бастап бүгінге дейінгі әрбір тариxи кезеңді ескеруге тырыстық. Өйткені ол - тұтас елдің тариxы. Ал толыққанды ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшін біртұтас тариxи сана болуы қажет. Қазақ xалқының тариxы антропологиялық тұрғыда дәлелденген. Біз сол сақ, ғұн, сармат, қимақ, қарлұқ - қазақ жеріндегі барлық мемлекеттердің, Шыңғыс xан империясының мұрагеріміз. Барлығы да - біздің тариxымыз. Соның бәрін қамтуға тырыстық», - дейді Б.Әбдіғалиұлы.

null null 

Соңғы жаңалықтар