Дәурен Абаев ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын көтеруге күш салмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысын көтеру ұсынысын қолдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы жоғары емес. Өкінішке орай ол еліміз бойынша орташадан төмен. Біз бұл мәселемен де айналысып жатырмыз. Бұл мәселе Үкімет деңгейінде шешіледі», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстыруға арналған шарада.

Оның айтуынша, Қазақстан ХҚКО-лары әлемде мұндай мекемелер арасында жұмыс күні ұзақтығы бойынша көшбасшылық орынға ие.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік корпорация таңертеңгі 9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Ал Еуропада мұндай мекемелер таңертеңге 9-дан кешкі 5 немесе 6-ға дейін ғана қызмет көрсетеді. Олардың көпшілігі көптеген құжаттарды қабылдамайды да», - деді министр.

Шара барысында «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылай Оспанов бүгінгі күні елімізде мемлекеттік корпорацияның 350 фронт-кеңесі және 630-дан астам бэк-кеңсесі жұмыс істейтіндігін атап өтті. Оларда 22 мыңға жуық қызметкер бар. өткен жылы мемлекеттік корпорация 37 миллионнан астам қызмет, оның 24,5 миллионы электронды форматта көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар