Дария бойындағы қорғаныс бөгеттері нығайтылып жатыр - Қызылорда

None
None
  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Бүгін Қызылорда облысында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен су тасқыны қаупінің алдын алу шараларымен танысу мақсатында баспасөз туры өтуде. 

Журналистер алдымен Сырдария ауданында болып, атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 

- Сырдария ауданы бойынша су басу қаупінің алдын алу мақсатында бүгінгі күні ауданда шедел штаб құрылып, қазіргі кезде қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні аудан бойынша су басу қаупі аумағында орналасқан 3 елді мекен тұрғындарына ескертпе хаттар мен хабарламалар таратылып берілді. Сонымен қатар, аудандағы қорғаныс бөгеттеріндегі 7 жерде нығайту жұмыстары жүріп жатыр, - деді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Лекеров. 

Соңғы жаңалықтар