Дәрігерлер жүрегі кеудесінің сыртында орналасқан сәбиді аман алып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық дәрігерлер жүрек бұлшықеті кеуде қуысының сыртында орналасып туған сәбидің өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы Telegraph жазады.

Дәрігерлер Наоми Финдлей мен Дин Уилкинске болашақ сәбилерінің сирек дертке шалдыққандығы туралы жүктіліктің тоғызыншы аптасында ескерткен. Медицина тілінде бұл эктопия жүректі сырқат деп аталады. Бұл дертке шалдыққандардың өмір сүруге мүмкіндігі өте төмен.

Алайда, ағылшын отбасы тәуекелге бел буып, сәбиге өмір сыйлады. 

22 қараша күні туған сәбиге бірден үш операция жасалған. Оған шамамен 50 жуық дәрігер қатысты. Хирургтар жасанды кеуде қуысын жасап, оған сәбидің жүрегін салған. Нәтижесінде ол осындай сирек кездесетін сырқаттан аман қалған Ұлыбританиядағы алғашқы сәби болып отыр.

«Қызым өмірге келген кезде біз дұрыс шешім қабылдағанымызды сезіндік. Жағдайдың оңай болмайтынын білдік, дайын болдық. Алайда білікті мамандар қолдан келгеннің бәрін жасады», - дейді сәбидің әкесі Уилкинс. 

Соңғы жаңалықтар