Дәрігер науқастың ішінен 25 жыл бойы жүрген пинцетті алып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Медицина ғылымдарының докторы, «Иннова» медициналық орталығының  онкохирург-дәрігері Ираклий Тодуа  науқас әйелдің ішінен 25 жыл бұрын басқа хирург қалдырған пинцетті алып шықты, деп хабарлайды ТАСС .

«Дәрігерлерге  қаралған әйел мүлдем басқа ауруға байланысты ем іздеп келген. Денедегі бөгде затты, яғни пинцетті біз ойда жоқта томография арқылы байқап қалдық», - дейді Тодуа.

Клиникаға қаралған әйел 25 жыл бұрын өт қабына ота жасатқан екен. Хирург салғырттығынан медицина құралы науқастың ішінде қалған.

«Ол өзінің ішінде пинцет жүргенін 25 жыл бойы байқамаған. Бөгде затты денесінен алып тастадық, қазір өзін жақсы сезінеді», - деді дәрігер.

Соңғы жаңалықтар