Дариға Назарбаева: Мықты армия соғыс үшін емес, қорғаныс үшін қажет

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Дариға Назарбаева бастаған бірқатар сенаторлар ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясында болды. Оқу орнымен танысу барысында сенатор басшылықпен ашық әңгіме болғанын, алдағы уақытта қажетті көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, қыркүйектің 18-19 күндері ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекара күзеті мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Дариға Назарбаева бастаған бірқатар сенаторлар Алматы мен Алматы облысындағы әскери оқу орындары мен шекара, кеден бекеттерінде болды. Бүгін Құрлық әскерлерінің әскери институты жұмысымен танысқаннан кейін, көшпелі кеңес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі академиясында болып, онда депутаттар курсанттар мен оқытушы құраммен кездесті.
null

Академияда сенаторлар Қару-жарақ оқу кафедрасы, кинология мен шекара бекетінен өткізу пунктінде болды. Академия жұмысымен танысқан Дариға Назарбаева оқу орны басшыларымен ашық сөйлескенін айтты.
null

«Оқу орны жаттығу құралдары, қару-жарақтармен қамтамасыз етілген. Курсанттар жаңа методикамен дайындалуда. Бұл - 85 жылдық тарихы бар оқу орны. Біз өз тарапымыздан заң жағынан, сосын күзде қаражат мәселесін қараймыз, сол кезде көмек көрсетеміз деп ойлаймыз», -деді сенатор.null

Сонымен қатар, ол бүгінгі сарбаз электроникалық қару жабдықтарын ғана емес, ескі техниканы да жақсы меңгергенімен бағалы екенін айтты.

«Қазіргі уақытта дамыған елдердің қарулы күштері қымбат техникалар мен электроникамен жабдықталуда. Мен қарулы күштеріміз де, сарбаздарымыз да компьютерді, ақпараттық технологияны игеріп, барынша электроникамен жабдықталуы керек деген пікірдемін. Сардарлармен сөйлескенімде олар бүгінгі сарбаз электрониканы да, балама техниканы да игеруі қажет деген пікір айтты. Себебі, қарулы жаттығу кезінде электроника өзін үнемі жақсы жағынан көрсете бермейді. Сондықтан, тиімділігі жоғары ескі техникаларды да игеру маңызды. Еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру өте үлкен қаражатты қажет ететінін білеміз. Мықты армия соғыс үшін емес, қорғаныс үшін қажет» - деді сенатор.
null

Сенаторлар сонымен қатар Құрлық әскерлерінің әскери инстиутымен танысты.

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар