Дариға Назарбаева: Ақпараттық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі басым бағыттардың бірі

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Бүгін Сенатта  Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру қорытындылары талқыланды. Шараға сенаторлар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесуді ашқан Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева ақпараттық қауіпсіздік, жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы ұзақ мерзімді және басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Ақпарат және коммуникация министрінің орынбасары Алан Әжібаев Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі қорытындылары туралы депутаттарды хабардар етті. Атап айтқанда ол технология мен телекоммуникацияны дамытудың ахуалына, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бұқаралық ақпарат құралдарында отандық өнімді арттыруға, сондай-ақ нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіруге тоқталды.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Дмитрий Голобурда ақпарат саласындағы маңызды қауіптерге қарсы мекеменің іс-қимылы жөніндегі алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі.

null 

Талқылауға сенаторлар М. Алтынбаев, Н. Әбіқаев, И. Адырбеков, С. Жақсыбеков, Г. Ким қатысты. Пікірталас барысында алдағы кезеңде осы саланы реттеуге арналған стратегиялық құжаттарды әзірлеу мәселелері көтерілді. Депутаттар ақпараттық қауіпсіздік саласын технологиялық тұрғыда және мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ осы мәселедегі мекеме аралық өзара іс-қимылдың кейбір мәселелеріне назар аударды.

Кездесуді соңында комитет төрағасы Д.Назарбаева талқылау нәтижесі бойынша әзірленген ұсыныстар үкіметке жіберіледі, сондай-ақ заң шығару жұмыстарында ескерілетінін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар