Данияр Елеусінов чемпиондық титул жолындағы жоспарларымен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяуда ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Қазақстан Олимпиада-2016 чемпионы Данияр Елеусінов өз мансабы мен титул үшін айқасты дамытуды жоспарлауда, деп хабарлайды Sports.kz">Sports.kz .

Данияр Елеусінов түркиялық БАҚ-қа берген сұхбатында титул үшін қашан жекпе-жекке түсетінін мәлім етті.

«Мен асықпаймын. Ломаның тез көтеретінін түсінемін. Өз мансабымды барынша қолайлы етіп жоспарлағым келеді. Жартылай орта салмақ айтарлықтай қиын. Мұнда Дэнни Гарсия, Кит Турман, Теренс Кроуфорд бар. Мен өз командама сенемін. Біз асықпай біртіндеп әрекет етеміз», - деді боксшы. 

Соңғы жаңалықтар