Данияр Ақышев зейнеткерлерге неге несие алуға болмайтынын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында зейнеткерлерге неге несие алуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, несие алуды шектеу туралы нұсқаулық тек қана зейнеткерлерге қатысты болған.

«Зейнет жасындағы адам несие алса, ол өзінің зейнетақысынан төлейді. Мемлекетке тәуелді адам ақшасын несиеге берсе, өзінде ештеңе қалмайды. Сондықтан, зейнеткерлерге несие алуға кеңес бермейміз. Бұдан өзге студенттер несие алса, ол кез келген уақытта жұмыс жасап, ақшаны қайтара алады. Бұл мүлде бөлек санаттағы адамдар», - деді ол.

Фото: Александр Рюмин/ ТАСС

Соңғы жаңалықтар