Даниал Ахметов Өскеменнің медициналық мекемелерінде болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Даниал Ахметов Өскеменнің ауруханаларына барып, онда келішулерді емдеу мен диагностика жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Осының алдында арнайы жұмыс тобы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік медицина мекемелеріне аудит жүргізіп, өңірде бірқатар науқас түрлерімен байланысты жағдайды сауықтыруға кері әсерін тигізіп отырған жағдайларды анықтаған. Бұл бағыттағы талдау жұмыстары тиісті құралдардың болмауынан, қолдануға қажетті материалдардың жоқтығынан, ескірген технологияларды қолданудың салдарынан жұмыстың біршама тұралап қалғандығын көрсетті.

 

«Аймақтағы онкологиялық медицина мекемелерін аралап көргеннен кейін мені біздің медицинаның бүгінгі жағдайы алаңдатып отыр. Бірден айта кету керек, бұл саланың кейіндеп қалуы, ұзақ жылдардан бері қалыптасқан жағдай. Біз адам капиталын дамыту қажеттігін жақсы түсінеміз және осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біздің дәрігерлер біршама уақыттан соң, яғни ағылшын тілін меңгерген соң әлемнің ең үздік клиникаларында білімдерін жетілдіреді»,-деді Даниал Ахметов.

  

Эндокринология бөлімшелерін аралау кезінде бірінші қалалық аурухананың нейрохиругтері мен урологтары бірнеше жылдан бері толыққанды инсультивті орталық жасауға ұмтылуда. Бұл ретте облыс әкімі мұндай біліктіліктегі бөлімше соңғы үлгідегі техникамен қамтамасыз етілуі қажеттігін айтты.

   

«Қазіргі таңда бұл блоктың адеттегі терапия бойынша қызмет көрсетіп жатқан өзге палаталардан ешқандай айырмашылығы жоқ»,-деді әкім.

«Ал, өзге ауруханалармен салыстырғанда Ана мен бала орталығында барлық қажеттіліктер бар, алайда онда менеджмент жағы жетіспей тұр»,-деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар