Чемпион атанған алғашқы қазақ ретінде тариxта қалғым келеді - Жалғас Жұмағұлов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 мамырда Астанада аралас жекпе-жектен FIGHT NIGHTS GLOBAL турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл турнирде 3 чемпион белдігі ойнатылады. Кештің ең маңызды оқиғасы - алаң қожайыны Жалғас Жұмағұлов пен краснодарлық спортшы Вартан Асатрян арасындағы аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек болмақ.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов ширек финалда жеңіліс көрмеген Артур Багаутдиновпен жұдырықтасқан болатын. Бұл айқаста дағыстандық спортшыға мамандар айқын фаворит ретінде қараған. Алайда Жалғас қаһарлы қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберіп, жұртты таң қалдырды. Есте болса, осыдан 4 жыл бұрын Жалғас Вартаннан жеңіліс тапқан болатын. Енді қарымта қайтаратын сәті туып отыр.

«Ақтық сын өз елімде, елордамыз - Астанада өткелі отырғаны мен үшін қуаныш. Ұйымдастырушыларға жекпе-жек өткізуіме мүмкіндік бергеніне алғысымды айтамын. Бұл өмірде бір рет болатын мүмкіндік, чемпион белдігі Қазақстанда қалу үшін жекпе-жекте соңына дейін тұрамын. Чемпион атанған алғашқы қазақ ретінде тариxта қалғым келеді», - деді Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Жалғас Жұмағұлов.

«Бұл Қазақстанда өткелі отырған алғашқы турнир. Алдағы уақытта біз жылына 3 турнир өткізуді жосарлап отырмыз. Ең басты себеп - қазақтың жоғары деңгейлі атлеттерінің атын шығару. Олар әлемде өздерін мықты жағынан таныта білді. Енді ол жігіттерді өз үйлерінде, туған жерлерінде таныту керек. Еуразияның қақ ортасында өткелі отырған осынау кеш Азия елдерінде, ТМД және барша әлем тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болады», - дейді FIGHT NIGHTS GLOBAL промоушн президенті Камиль Гаджиев.

Кештің маңызды жекпе-жектерінің бірінде орта салмақтағы чемпион атағы үшін таласта Қазақстан жалауын көтерген Георгий Кичигин мен Ресей спортшысы Гаджимұрад Хирамагомедов бетпе-бет кездеседі. Сонымен қатар 83,9 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Абусупиян Алиxанов пен Залид Муртазалиев арасындағы жұдырықтасу болады.

Жалпы кеш аясында FIGHT NIGHTS GLOBAL ұйымының мықты палуандарының қатысуымен барлығы 10 жекпе-жек өтеді.

Соңғы жаңалықтар