Чех клубының футболшысы қарсылас команда қақпашысын ажалдан құтқарды

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат  - Чехтың «Словацко»  клубының шабуылшысы Франсис Коне  Чехия чемпионатының  18-туры матчында тілін тістеп қалған «Богемианс 1905» қақпашысы  Мартина Берковецті ажалдан аман алып қалды. 

Қақпашы өз командасының қорғаушысымен соқтығысып, есінен тана құлаған. Оның тұншығуы әбден мүмкін еді, бірақ  «Словацко»  шабуылшысы Франсис Коне  зардап шегушіге дер кезінде көмек көсете білді.

Соқтығысқан жерге келген дәрігерлер голкиперді ауруханаға алып кетті. Берковец  онда түні бойы болып, таңертең Facebook  арқылы Конеге дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Кездесу  сенбі, 25 ақпанда өтті. Және 0:0 есебімен аяқталды.

 

Соңғы жаңалықтар