Чавестің жанкүйерлері Альваресті GGG-ден қашып жүргені үшін келемеждеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада өткен шаралардың бірінде кіші Хулио Сезар Чавестың жанкүйерлері Сауль «Канело» Альваресті қазақстандық боксшы Геннадий Голвкиннен қашып жүргені үшін келемежге айналдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіби боксы» тобына сілтеме жасап.

Бокс жанкүйерлері баспасөз мәслихатына арнайы баннерді жасап келді. Шара барысында фанаттардың бірі «Оскар әке, мені GGG-дан қорғап қалшы» деген жазуы бар транспорантты көтеріп жүрді. Онымен жанкүйерлер өз жерлестері Сауль «Канело» Альварес пен оның промоутері Оскар Де Ла Хойяның GGG-ге қарсы жекпе-жектен қашып жүргендерін сынға алып, келемеж етті.

Айта кетейік, Сауль Альварес пен Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жек мамырдың 6-сы күні АҚШ-та өтеді. Бұған дейін кіші Чавестің өзі Альварестің GGG-ден қашып жүргені жайында ашық айтқан. Ал жанкүйерлері алдында ұятқа қалмау үшін Чавесті таңдаған.
Бүгінде Оскар Де Ла Хойя да,Сауль Альварес те Геннадий Головкинге ең ірі сомаға ұсыныс жасап,келісімшарттың бір нұсқасын жібергендері жайында айтып жатыр. Алайда ол ұсыныста 15 млн доллар көлеміндегі гонорардан артық ештеңе берілмейді деп жазылған көрінеді. GGG-дің командасы оған келіспей отыр. Себебі ол жекпе-жектен одан да артық табыс табуға болады.
Бокс сарапшыларының айтуынша, Альварес орындауға келмейтін талаптарды қойып, уақытты барынша созуды көздейді. Ал екеуінің жас айырмашылығын ескерсек, уақыттың өткені мексикалық боксшыға тиімді. Қазіргі кезде Сауль Альварес 26 жаста, ал Геннадий Головкин биыл 35-ке келеді.

Соңғы жаңалықтар