БЖЗҚ проблемалық салымдардың үлесі туралы айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өкілдері проблемалық салымдардың үлесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаеваың мәлімдеуінше, 2016 жылдың 1 маусымында проблемалық салымдардың үлесі номиналдық құны бойынша 45 млрд теңге болған.

«Бүгінде 21 эмитенттің, яғни бізге қосылған 21 жекеменшік зейнетақы қорының проблемалық салымдары болып отыр. Олар өздерінің қарыздарын график бойынша төлеп келеді.  Жыл басынан бері қарызды қайта құрылымдау арқылы 80 млн теңге қайтарылды.  Жоспар бойынша олар бізге 2021 жылы толық төлеп бітеді», - деді Сәуле Егеубаева.

БЖЗҚ өкілдері зейнетақы активтерінің 67%-ын ААА мен ВВВ- рейтингісі бар қаржылық құралдарға, ал 16% АА+ пен АА- рейтингісі бар құралдарға, 13% рейтингісі жоқ құралдарға салынғанын жеткізді.

«ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңы бойынша активтерді сенімді басқару Ұлттық банктің құзырында. Сондықтан, инвестициялық қызмет туралы түсініктеме бере алмаймыз.  Жыл басынан бергі таза инвестициялық табыс 114,4 млрд теңге болды. Ол соманы салымшылардың шотына салдық», - деді С.Егеубаева.

 

Соңғы жаңалықтар