БЖЗҚ-ның алғашқы үш айдағы инвестициялық табысы 51,5 млрд. теңгеге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2017 жылғы алғашқы үш айда таза инвестициялық табысы - 51,45 млрд. теңге. Мұндай мәліметті «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі БЖЗҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында зейнетақы активтері 153,6 млрд теңгеге өсіп, 2017 жылғы 1 сәуірде 6,84 трлн теңгені құрады.

«Барлық зейнетақы жинақтарының негізгі үлесі (шамамен 98%-ы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған. Есептік үш ай кезеңінде 87,4 мың жеке зейнетақы шоттары ашылған. 2017 жылғы алғашқы үш айда таза инвестициялық табыстың сомасы 51,45 млрд теңгені құрады»,  - деді Н.Наурызбаева.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2017 жылғы қаңтар-наурызда БЖЗҚ төлемдерінің сомасы 77,35 млрд. теңгеге тең болған, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 6,04 млрд теңге. 

Соңғы жаңалықтар