БЖЗҚ ісінің қатысушысы: «Бузгул Ауруммен» келісім елге миллиондаған доллар әкелетін еді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Бузгул Аурум» алтын өндіру компаниясының басшысы Бақытжан Кенжебаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ісі бойынша айыпталушы Руслан Ерденаевке қатысты «Егер ол қамауға алынбаса, елге 264 миллион доллар инвестиция әкелер еді» деген ойын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

2017 жылдың көктеміндегі қылмыстық іс материалдарында Қазақстанға Швейцариядан 137 миллион доллар түсуге тиіс деген құжат бар, ал бес жылдық мерзімдегі инвестицияның жалпы сомасы 264 миллион долларды сонымен қатар, Бузгул-1, Бузгул -2 жобаларын дамытуды қамтуға тиіс болған.

«Көктемде бұл кен орындарын шолу аяқталу керек болған. Не кедергі болды? 2016 жылдың желтоқсан айындағы қамау. Бірінші траншта БЖЗҚ-ынан бағалы қағаздар сатып алынуы керек болған», - деді Кенжебаев.

Айта кетейік, 9 қаңтарда БЖЗҚ басшылары қамауға алынды: БЖЗҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару департаментінің қаржылық тәуекелдер басқармасының басшысы Мұса Бахтов, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев және «Бузгул Аурум» ЖШС директоры Азат Найзағарин.

Олар меншіктеріне қарсы ауыр қылмыстық құқықбұзушылық бойынша айыпталып отыр. Оларға ҚР ҚК-інің 189-бабы, 4-тармағы, 2-бөлігі (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айып тағылды. Аталған іспен ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысты.

Соңғы жаңалықтар