Бюджетке күш түскен соң Ақтөбедегі зираттардың барлығы сенімгерлік басқаруға берілді - Нағымжан Алияров

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы зираттардың барлығына жер актісі мен құжат дайындалып, сенімгерлікке берілді.

 Қазіргі уақытта жеке компания жерлеу рәсімінің құнын жариялап, тұрғындар бұл шешімге қарсы шығып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақтөбе қаласындағы зираттардың барлығына бір мекеме жауапты. Қалалық әкімдік зираттардың жер актісін жасап, жерлеу рәсімін өткізуге сенімкерлік келісім берді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ақылы қызметке тұрғындар қарсы шығып, ауыл маңындағы зираттысақтап қалуға бекінд і.  Бүгін Ақтөбе қаласындағы Қурайлы ауылының тұрғындарымен қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров кездесті. Ол зираттарды күту, күзету үшін қосымша қаржы қажет екенін, бюджет шығынын азайту үшін сенімгерлік келісім жасалғанын жеткізді.

«Өткен жылдан бастап қалалық зираттарды тәртіпке келтіру жұмысы жүрді. Зираттардың құжаттары дайындалып, сенімгерлік басқаруға берілді. Жер актісі, техникалық паспорт жасалды. Бұған дейін қаладағы 50 зираттың күтімі үшін бюджеттен қаржы жұмсалуы керек болды. Сол себепті мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, сенімгерлікке беріліп отыр. Сенімгерлік басқарушы компания зираттарды қоршайды, санитарлық тазалығын қамтамасыз етеді, электронды база жүргізеді. Халықтан арыз-шағым түсті. Түсіндіру жүріп жатыр. Бұған дейін бір бейітті ұстап тұру үшін 20-25 миллион теңге қаржы кетті. Сенімгерлікке берілген соң бюджет қаржысы бөлінген жоқ»,- деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров.

Зираттарға қызмет көрсететін мекеме жер қазу, бейіт тұрғызу жұмыстарына арналған бағаны бекітіп қойған болатын. Бірақ алдағы уақытта баға қайта қаралады.

«Жер қазушыларға ақысын төлеу бұған дейін де болды. Әркім өз бағасын қойып жүрді. Енді бәріне бір баға қойылды. Негізінен жер тегін беріледі. 10 мың теңге тазалық жасау, электронды базаға енгізу, күзетшісіне беріледі. Кез келген адамның өз таңдауы бар. Компанияның қызметін пайдаланбауға да болады»,- деді Нағымжан Алдияров.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласындағы 1 бейітке қалалық әкімдік қаржы бөліп, күтіп жасаған. Өзгелеріне құжат соңғы жылдары дайындалды. Бейіттің көбі қараусыз қалып, кейбірін жергілікті тұрғындар өз міндетіне алған.

«Бағаға қарсы шығып отырмын. Бұл менің азаматтың пікірім. 15 мың теңге ауыл тұрғындары үшін үлкен қаржы. Алдағы уақытта сенімгерлік басқарушы компанияға бағаны өзгерту туралы ұсыныс береміз. Арнайы комиссия құрып, бағаны қайта қараймыз. Комиссия төрағасы Қурайлы селолық округінің әкімі Мақпал Тұрмағамбетова болады. Комиссия құрамында жергілікті тұрғындар да болады»,- деді Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлушаш Шынтасова.
null 

Соңғы жаңалықтар