БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі төрағасы Қазақстанның жұмысына жоғары баға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кувейт елшілігі үш бірдей айтулы датаға арнап ресми қабылдау шарасын өткізді. Биыл Қазақстан мен Кувейт арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнатылуына - 25 жыл. Бұдан бөлек, аталған елдің ұлттық күні және Ирактың құрамынан шыққанына 27 жыл толып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми шараның ашылу салтанатында Кувейттің Төтенше және Өкілетті елшісі Тарик Абдулла аль-Фарадж Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысын ерекше атап өтті. "Өткен айда Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы сәтті өтті. Сіздердің бастамаларыңызбен бейбітшілік пен қауіпсіздікке үндеген аса маңызды аймақтық және xалықаралық мәселелер көтерілді. Ал, ең бастысы, кез келген шиеленісті дипломатиялық жолмен шешіп, ынтымақтастықты күшейту шараларына баса назар аударылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. Қазақстан Президенті бәрімізді жаппай қырып жоятын қарусыз әлемді құруға үндеді", - деп атап көрсетті елші Тарик Абдулла аль-Фарадж.
null 

Айта кеткен жөн, осы айда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Кувейт төрағалық етуде. Осыған орай, ел астанасы - Эль-Кувейтте Иракты қайта құруға арналған xалықаралық конференция ұйымдастырылды. Сол жерде қатысушы мемлекеттер осы бастамаға 30 млрд доллар бөліп беруге келісті. Бұдан бөлек, xалықаралық конференция аясында "ДАИШ"-қа қарсы xалықыралық коалицияның министрліктер деңгейіндегі кездесуі өтті.
null 

 БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысы жайында айта келе, елші Тарик Абдулла аль-Фарадж Қазақстан мен Кувейттің көзқарасы бір екенін ерекше атап өтті. "25 жылдың ішінде екі елдің мәдениет, экономика және тағы басқа салалар бойынша өзара ынтымақтастығы күшейіп келеді. Біз осы байланыстарды дамытуға мүдделіміз. Оның үстіне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бойынша әріптес болып, ортақ мүдде үшін xалықаралық мәселелерді шешуге атсалысып келеміз", - деп атап көрсетті елші мырза.
null null 

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ақылбек Қамалдинов Кувейттің аймақтағы аса маңызды әріптес мемлекет екенін жеткізді. "Бүгінде екі ел өзара сенімге негізделген конструктивті диалогтың деңгейіне шықты. Біз бір-біріміздің саяси бастамаларын қолдап отырамыз. Ал сауда-экономикалық тұрғыда ынтымақтастық байланыстарды әлі де кеңейтуге болады", - деді А.Қамалдинов.
null null 

Соңғы жаңалықтар