Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, тұман түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с болады, кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады, тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, найзаған күтіледі.

Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан областырында тұман күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар