Бүгін Қазақстанның барлық мешіттерінде өрттен қаза болған өзбекстандықтардың рухына дұға жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мешіттерінде өтетін жұма намазында Ақтөбе облысында автобустың жануы салдарынан қаза болған жандардың рухына дұға оқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

Еске салсақ, кеше, 17 қаңтар күні Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда автобустан өрт шығып, 52 жолаушы көз жұмды. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары.

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қаза болған өзбек бауырларымыздың қайғысына ортақтасып, Өзбекстан мұсылмандарына хат жолдады.

Сонымен қатар, Бас мүфти еліміздің барлық имамдарына бүгінгі жұма намазында қаза болған өзбек ағайындардың рухына дұға бағыштауды сұрап, жедел хат жолдады.

 

Соңғы жаңалықтар