Бүгін Қарағандыда жауынгерлік аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28-29 сәуірде Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында жауынгерлік аралас жекпе-жектен (ММА)  бесінші Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты .

Биыл чемпионат жаңа ережелермен өткізіледі, оған алғаш рет әйелдер қатысқалы отыр.

Жекпе-жектер қайта құрылған Қазақстанның ММА қауымдастығының қамқорлығымен өткізіледі. Оған Қазақстанның ММА федерациясы кіреді. 

Чемпионат тоғыз салмақ санатында өтеді. Әйелдердің қатысуымен көрнекі жекпе-жектер өтеді. Оның нәтижесі спортшылардың дайындық деңгейін анықтайды. Жарысқа 52,2-56,7 кг, 61,2 кг дейінгі, 65,8 кг дейінгі және 70,3 кг дейінгі салмақ санатындағы қыздар қатысады.

Жаңа ережелер ҚР мәдениет және спорт министрлігімен бекітілді және IMMAF халықаралық аралас жекпе-жектер федерациясының талаптары мен стандарттарына сәйкес келеді. 

Жеңімпаздар Қазақстанның ұлттық құрамасына кіреді және биыл Сингапур мен Бахрейнде өтетін Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

Алдын ала жекпе-жектер 28 және 29 сәуірде сағат 10.00-да, ал финалдық сайыстар 29 сәуірде сағат 18.00-де басталады. 

Соңғы жаңалықтар