Бүгін - Фариза Оңғарсынованың туған күні

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақтың ақын қызы, журналист, халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың (1939-2014) туған күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тірі болғанда поэзия патшайымы 78 жасқа толар еді.

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысында туған. 1961 жылы Атырау мемлекеттік педагогика институтын бітіріп, еңбек жолын ауылдық мектепте мұғалім болып бастаған.

1966-1969 жылдары - «Коммунистік еңбек» облыстық газетінің әдеби қызметкері, 1969-1977 жылдары - «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің Атырау, Ақтөбе, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі, «Қазақстан пионері» газетінің редакторы болған. 1978 жылы - «Пионер» журналының бас редакторы болып тағайындалған.

Алғашқы кітабы «Сандуғаш» 1967 жылы жарық көрген. Одан бөлек, «Мелодия», «Беспокойная пора», «Гордое поколение», «Көгершіндерім», «Тревоги», «Ожидание солнца», «Озарение» жыр жинақтарын, «Биіктік» очерктер жинақтарын шығарып, «Біздің Кәмшат» повесін, Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев, чили ақыны Пабло Нерудың шығармашылықтары туралы әдеби-сын мақалалар жазған. С.Вангелидің «Приключения Гугуце», «Дедушкин министр» балаларға арналған повестерін, С.Капутикянның, Е.Евтушенконың, Р.Казакованың, араб ақыны Әбдурахман әл-Хамисидің өлеңдерін, П.Нерудың кітаптарын қазақша аударған.

Ақынның көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымының депутаты. «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

2014 жылы ақын 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Фото kopilkaurokov.ru

Соңғы жаңалықтар