Брюссельде қарулы қылмыскерлерге қарсы арнайы операция жүргізіліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Брюссельде қарулы қылмыскерлер тобы жасырынуы мүмкін Форе коммунасында (астананың оңтүстігінде) ірі арнайы операцияны бастады. 

Бұл туралы RTBF телеарнасы хабарлады.

Жақын жердегі үйлердің тұрғындарына көшеге шықпауға кеңес берілуде.

Куәгерлер операция аумағында әскерилердің жүргендігін хабарлады.

«Полиция Форе коммунасында операция жүргізіп жатыр. Тұрғындардың өз үйлерінде қалуын және оқиға орнындағы суреттерді желіге таратпауларын сұраймыз», - деп мәлім етті федеральдік полиция Twitter-де.

Полицейлердің операция жүргізулеріне бейсенбі күні Бельгия астанасының оңтүстік аумағындағы комиссариатына адам өлтіру туралы хабарламаның түсуі түрткі болған.

«Тегі поляк белгісіз адам Сен-Жиль алаңындағы дүкенде адам өлтіру ісінің куәгері болғандығын айтқан», - деп мәлім етті полиция өкілі. 

Соңғы жаңалықтар