Брнавич қазақстандық компанияларды Сербиядағы жекешелендіруге қатысуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белград қаласында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов Сербияның жаңадан сайланған Премьер-министрі Анна Брнавичпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың басым бағыттарын, оның ішінде 2015-2016 жж. жоғары деңгейдегі сапарлар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ Қазақстан мен Сербиядағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің үдерісін талқылады», - делінген елшіліктің Фейсбуктегі парақшасында.  

Серб үкіметінің басшысы Қазақстандағы конституциялық реформаның мақсаты туралы хабардар болды, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестік» Жолдауының негізгі ережелерімен және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен танысты. Құжаттардың мәтіндері әңгімелесушіге серб тілінде табысталды. 
Қазақстандық дипломат «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өткізілу барысы, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның жұмысы туралы баяндап берді. Сонымен қатар, тараптар қазақстандық бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу мәселелерін талқылады. 
Өз тарапынан, А.Брнабич ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың өзінің лауазымға тағайындалуына орай жолдаған құттықтауына шынайы алғысын білдірді, сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстан мен Сербия ынтымақтастығын дамыту барысына қанағаттанушылық білдірді. 
Сербия үкіметінің басшысы Сербияның Еуропалық одаққа жоспарланған кіруі аясында қазақстандық компаниялардың Сербиядағы объектілерді инвестициялауға және жекешелендіруге қатысуы олар үшін бірыңғай еуропалық нарыққа өнімдерін шығаруға жол ашады деп атап өтті. Бұл ретте А.Брнабич Қазақстан Сербияның маңызды әріптесі екенін атап өтіп, барлық мәселелер бойынша ынтымақтастықты белсенді түрде жандандыруға ниетті екенін көрсетті.

null

Соңғы жаңалықтар