Британияға 69 жылда болмаған ыстық келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның кейбір бөліктерінде бейсенбі күні ауа температурасы 28 градустан асты. Бұл 1949 жылдан бергі Британиядағы сәуірдің ең ыстық күні, деп хабарлайды bbc.com.








Ауа райынның мұндай ерекше болуы Батыс Еуропада қысымның жоғары деңгейінің сақталып, ал Атлантика үстінде қысымның күрт төмендеуінен. Бұл Британия аралдарына қарай жөңкілген ыстық ауа ағынына жол ашты.

Табиғаттың өзгеше сыйына қала тұрғындары ғана емес, жан-жануарлар да қатты қуанған сыңайлы.

 






Британияда рекордтық температура плюс 28,8°C  бейсенбіде, 19 сәуірде күндіз Лондонның солтүстік- батысындағы Нортхолт авиабазасында тіркелді.


Айта кеткен жөн, соңғы рет британ астанасында мұндай ыстық 1949 жылғы сәуірде  болған. Ол кезде термометр бағаны 29,4°C жеткен еді. Бұл көктемнің осы айындағы абсолюттік рекорд болатын. Әзірге мұнан асқан температура болған емес. Негізінде  Британияда сәуірде  ең жоғары дегенде плюс 11,9 градусты құрайды.

Соңғы жаңалықтар