Британдық Барселонада ұлына ұқсайтын баланы құтқарып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баланың тағдыры беймәлім. Ер адам оны жергілікті ауруханалардан іздестіруде. 

Британдық Гарри Этвол Барселонадағы террористік шабуыл болған кезде қорғап қалған баланы іздеп жатыр, деп жазды Daily Mirror.

Барселонадағы жүк көлігі алаңдағы адамдарды қағып жатқанда, Гарри ес-түссіз жатқан баланы байқап қалады. Ол өзінің қауіпсіздігі туралы ойланбастан, оны өз денесімен жауып қалады.

Гарридің айтуынша, сол сәтте жерде жатқан бала оның ұлы секілді көрінген.

«Ол ес-түссіз жатты, аяғы майысып жатыр екен, басынан қан кетіп жатты, - деді британдық.

«Оның жүрек соғуын тексердім - жүрегі тоқтап қалған екен. Кейін қолымды арқасына қойып, ол өліп қалды деп ойладым. Шашынан сипап, қатты жыладым, қасында болдым. Баланы жолдың ортасында қалдырып кетпес үшін жанында отырдым».

Он минут өткеннен кейін Гарри мен жарақаттанған балаға дәрігерлер келеді. Олар баланы жедел жәрдем машинасына отырғызып, алып кеткен.
Баланың тағдыры беймәлім. Қазір британдық зардап шегушіні ауруханалардан іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар