Brexit келісімінің 25 пайызға жуық қана жұмысы қалды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы келісімінің  25 пайызға жуық ғана жұмысы қалды. Оның ішінде Ирландия мен Солтүстік Ирландияның арасындағы шекара сияқты маңызды мәселелер де бар. Бұл туралы Brexit бойынша ЕО бас мәмілегері Мишель Барнье жұма күні француздың  France 2 телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Осы уақытқа дейін қол жеткізілген нәтижелер көлемі  шамамен 75 пайызды құрайды», - деді М. Барнье.

Оның айтуынша, Ұлыбритания мен ЕО Brexit 2019 жылдың наурызында өтуі үшін барын салуда. Дегенмен, мерзім уақытының бұзылу қаупі де жоқ емес.

Осы аптада БАҚ Брюссель Британияның ЕО-дан кетуінен кейін Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы физикалық шекараның пайда болуына жол бермейтін Лондонның ұсынысын қабылдамады деген ақпаратты таратты.

Соңғы жаңалықтар