Brent маркалы мұнайдың бағасы 48 доллардан төмен түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы ICE биржасындағы мұнай бағасы 4,31% арзандап, барреліне 47,96 долларға жетті, деп хабарлайды ТАСС.  

Мұнайдың соңғы белгілемесі 2017 жылғы 5 мамырдағы көрсеткіштен де төмен болды.

Мұнай белгіленуінің төмендеуіне АҚШ-тағы мұнайдың коммерциялық қоры туралы деректердің жариялануы себеп болды. Елдің энергетика министрлігінің деректері бойынша, бір апта ішінде мұнай қоры 3,3 млн баррелден 513,2 млн баррелге дейін ұлғайтылған.

Алайда сарапшылар қара алтын қорын 3,5 млн баррелге бағалап отыр. 

Соңғы жаңалықтар