Бразилиялықтар асық ойнауды үйреніп, домбыра шертіп жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Бразилиядағы елшілігі Наурыз мерекесіне орай дастархан жайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» елшілікке сілтеме жасап.

Ұлыстың ұлы күніне арналған шарада қонақтар наурыз көже секілді қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Елші Қайрат Саржанов Наурыз Қазақстан халқы үшін ерекше мейрам екенін айтып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы жайлы сөз қозғады.
null
null 

Қонақтарға ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне енгізген қазақтың асық ату ұлттық ойыны көрсетілді. Сондай-ақ шығыс әндеріне құмар бразилиялық музыкант домбыра шертіп, жиналғандарды тәнті етті.
nullnull 

Соңғы жаңалықтар