Бразилияда белгісіз біреулер президент резиденциясының қоршауын қиратты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні кешкісін белгісіз адамдар тобы Бразилия елінің астанасы - Бразилиада ел президенті Мишел Темердің резиденциясының аумағынан автомобильмен кірмекші болған, деп хабарлайды РИА Новости.

Порталдың дерегі бойынша, машина Алворада сарайының қоршауын қиратқан. Жерден тасталған оқтар табылған. Полиция бір адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

Қазіргі таңда Алворада сарайының аумағы полиция бақылауында. Мишел Темер шабуыл жасалған уақытта резиденцияда болмаған. 

Соңғы жаңалықтар