Бразилия президентіне ота жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия президенті Мишел Темерге  урологиялық ауруына байланысты жасалған  ота  сәтті өтті. 

Бұл туралы сәрсенбі күні жариялаған мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған, деп жазады ТАСС.

«Президент Мишел Темер сәрсенбі күні түстен кейін Сирия-Диван госпиталіне несеп шығаруда қиналуы мен несеп шығару каналдарының тарылуы белгілерімен жатқызылды. Оған шағын хирургиялық ота жасалып, сәтті өтті. Қалпына келтіру кезеңі 48 сағатқа созылады», - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі хабарлағандай, Темер өз қызметіне бейсенбі, 14 желтоқсанда қайта оралмақшы. 

Соңғы жаңалықтар